«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 28.09.2015
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 02.09.2015 жылғы № 735 Қаулысына сәйкес «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.04.2015 жылғы № 294 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1014-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1173 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 293-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Полная версия