Близость слов: Окончание:





«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 Қаулысы
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 181 қаулысымен бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.08.2015 жылғы № 640 Қаулысымен (05.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.08.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.06.2017 жылғы № 343 Қаулысымен (12.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысымен (07.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.02.2020 жылғы № 29 Қаулысымен (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.05.2021 жылғы № 306 Қаулысына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 866 Қаулысына сәйкес (16.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және қоғам қайраткерлері арасынан конкурсты дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 866 Қаулысына сәйкес (16.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.
8. Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
9. Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) облыстарда, қалаларда, аудандарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері және өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан құрылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия туралы ереже тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің өкімімен бекітіледі.
10. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
1) барлық отбасыларға тең жағдайды және оларды іріктеудің ашықтығын;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің олар ресми жарияланатын күннен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексереді, іріктей және екі отбасыны айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссияларға жібереді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарды қосымша тексереді, іріктей және жеңімпаз бір отбасын айқындайды, одан кейін екі жұмыс күні ішінде өз шешімдерін конкурстық құжаттармен бірге ұйымдастыру комитетіне жібереді.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (06.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
15-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар бір жеңімпаз отбасын айқындау жөнінде шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпазы деп танылмаған қатысушыларды конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді ұсына отырып, хатпен хабардар етеді.
2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.11.2022 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
16. Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
17. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.
Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
18. Мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияны хабардар етеді және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.
19. Комиссиялардың отырыстары жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
20. Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялардан құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін материалдарды мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындайтын заңды тұлғаға жібереді.
21. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
22. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін жыл сайын ұйымдастыру комитеті Отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізеді.
23. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
24. Конкурс лауреаты атағы қайталап берілмейді.
«Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
қосымша
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2. Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________ 3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________ 4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________________________________________________ 5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________________________________________________ 6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ____________________________________________________________________ 7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды) 8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик 9. Өзге де құжаттар ___________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi