Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 610 Қаулысына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытудың 2015 - 2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекітсін;
2) өңірді дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы желісінің номенклатурасын кезең-кезеңімен мемлекеттік нормативке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін;
3) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін дамыту, оның ішінде кеңейту жөніндегі шараларды толық көлемде орындау шартымен және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қабылдасың.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы  (бұдан әрі - қаулы) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 975 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 735-құжат);
3) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 395 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 536-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасың Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы № 114
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
халқының саны 50-ден (елу) 800 (сегіз жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) медициналық пункт құрылады;
халқының саны 800-ден (сегіз жүз) 2 000 (екі мың) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) фельдшерлік-акушериялық пункт*  құрылады;
тіркелген халқының саны 2000 (екі мың) және одан көп елді мекенде (ауылдық округте) дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) құрылады;
Полная версия
ИС BestProfi