Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысы
1-тармақтың 5 және 7-тармақшаларын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 563 Бұйрығын қараңыз
="red">Редакция 07.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына,  9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8) «Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысымен (26.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 26 ақпандағы № 155
қаулысына қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.04.2017 жылғы № 183 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Полная версия
ИС BestProfi