Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.03.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының, 5-тармақшасына, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметті сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және «Бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (М. К. Құлжанов) «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімін» тұрақты негізде техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.  
3. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметті төлеу үшін көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау және құжаттарды қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 5 және «Клиникалық-шығындық топтар бойынша стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық көмекке ақы төлеу әдістемесін пилоттық енгізудің медициналық ұйымдары үшін республикалық қаражат есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметтің көрсетілген көлемі үшін ақы төлеу ережесін бекіту және пилоттық енгізудің медициналық ұйымдары үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік брілген көлемінің шеңберінде медициналық қызметке ақы төлеу үшін көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау және құжаттарды қалыптастыру және клиникалық-шығындық топтар бойынша стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық көмекке ақы төлеу әдістемесін енгізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 4 қазандағы № 679 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.  
5. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3
бұйрығына қосымша
Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық, стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидасы
1. Осы Қағида (бұдан әрі - Қағида) Республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, стационарлық және стационарды алмастырушы медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру тәртібін белгілейді.  
2. Қағида «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына және «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес әзірленген.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.12.2012 жылғы № 900 Бұйрығымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.02.2013 жылдан бастап)
3. Осы Қағида құжаттарды және «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімін» қалыптастыру процессіне қатысушыларға қолданылады:
республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасасқан медициналық ұйымдар;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі - МҚАК АД) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - МФҚБК АД) аумақтық департаменттерінің тұрғысында ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауды (бұдан әрі - сапа мен көлемді бақылау) жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Емделіп шығу жағдайларын бағалау мен «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімін» (бұдан әрі - Тіркелім) техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ДДРО);
Қаржылық лизинг жағдайында денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканы беруді жүзеге асыратын «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы.
4. Ақы төлеу үшін сапа мен көлемді бақылау, құжаттарды қалыптастыру медициналық көмектің мынадай түрлерін көрсету кезінде жүзеге асырылады:  
Полная версия
ИС BestProfi