Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 197 бұйрығы
Редакция 15.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына  сәйкес, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін » және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссиясының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 хаттамасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылға 27 желтоқсандағы № 920 бұйрығына :
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.01.2013 жылғы № 11 Бұйрығымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.01.2013 жылғы № 12 Бұйрығымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы өзгерістер мен толықтырулар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 сәуірге дейін туындаған қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, 2012 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы С. Мусинов
Полная версия
ИС BestProfi