Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тізіліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2022
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 7-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 ақпанда № 9165 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 4 сәуірден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2022 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7467 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде № 369-374 (27448) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларында:
«3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.».
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Полная версия