Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 202 қаулысы
1-тармақтың 1-тармақшасын және 2-тармақты қоспағанда, осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.12.2016 жылғы № 769 Қаулысымен (06.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өндеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кiрмейтiн елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.12.2016 жылғы № 769 Қаулысымен (06.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және  өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургиясы,  химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина  жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат  беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.12.2016 жылғы № 769 Қаулысымен (06.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
Полная версия
ИС BestProfi