Близость слов: Окончание:





Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 ақпанда № 9176 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.06.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (24.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.09.2022 жылғы № 532 Бұйрығына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 31.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.06.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (24.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.06.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (24.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.09.2022 жылғы № 532 Бұйрығына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (З.С. Сағынов):
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың қосымшасында келтірілген күші жойылған деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне  сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М. Қ. Пішембаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 24 қаңтардағы
№ 56
бұйрығымен бекітілген
Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы
Жіктелімнің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.06.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (24.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Сыныптама өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.05.2017 жылғы № 281 Бұйрығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Сыныптама өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.12.2018 жылғы № 845 Бұйрығымен (19.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыныптама өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.10.2019 жылғы № 802 Бұйрығымен (04.12.2018 ж. реадкцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыныптаманың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.09.2022 жылғы № 532 Бұйрығына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыныптама жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 266 Бұйрығына сәйкес (26.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі – Сыныптама) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін айқындайды.
2. Бұл Сыныптамада мынадай негізгі ұғымдар қолданылды:
1) автожол туннелі (бұдан әрі – туннель) – биік немесе контурлық кедергілерді еңсеру мақсатында автокөлік құралдарын өткізуге (өтуіне) арналған жер асты (немесе су асты) инженерлік құрылыс;
2) автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі және тиісті өндірістік база ретінде аккредиттелген автожол саласында ғылыми ұйым жүзеге асыратын автомобиль жолдарын, көпірлер мен жол құрылыстарын жобалау және салу, қайта құру, күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізуді қамтамасыз ету үшін орындалатын ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-бақылау, ақпараттық-талдау сипаттағы жұмыстар кешені;
Полная версия
ИС BestProfi