Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2015
Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 27.08.2015 жылғы № 663 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысандарына қарамастан сатып алу-сатуды, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
8) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
9) «Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 995-бабы) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                  С.Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
 № 235 қаулысымен
 бекітілген
«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Полная версия
ИС BestProfi