Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2008
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі
(Салық кодексі)
Осы Заң күшін жойды ҚР 10.12.2008 жылғы № 100-ІV Заңына сәйкес
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Полная версия
ИС BestProfi