Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 231 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында :
үшінші, алтыншы, сегізінші, оныншы және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;»;
«жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;»;
«қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);»;
«маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;»;
«рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;»;
мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.»;
5  және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.»;
Полная версия
ИС BestProfi