Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 252 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.07.2015 жылғы № 839 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Франшиза тартуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Шетелге экспорттау мақсатында тауар белгілерін тіркеумен және өнімді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Инвестициялық жобаның «Өнімділік 2020» бағдарламасының қатысушысына қойылатын критерийлерге сәйкестігіне сараптамалық баға беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
8) «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе оған сараптама жүргізу үшін жұмсалған шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 252 қаулысымен
бекітілген
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi