Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 254 қаулысы
Редакция 05.02.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының  екінші кезеңі (2014 – 2015 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын, 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С.Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 254 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі (2014 – 2015 жылдар)
Екінші кезең өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысымен (26.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с № Іс-шаралар Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Болжамды шығыстар (млн. теңге)
1 2 3 4 5 6
1. Қолжетімді ортаны қалыптастырудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
1 Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтары мен еркіндіктерінің жан-жақты іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
2 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және Заң жобасын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ҮЕҰ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен мүгедектер ұйымдарын тарта отырып талқылау Хаттама Еңбекмині (жинақтау), қоғамдық бірлестіктер (келісім бойынша) 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
3 Мүгедектердің және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарының ғимараттарға, құрылыстарға, көлік, байланыс және ақпараттандыру құралдарына қолжетімділігі талаптарын белгілейтін қолданыстағы стандарттарды, техникалық регламенттер мен құрылыс нормалары және қағидаларын жинақтау, жүйелеу және өзекті сипат беру Еңбекминіне ақпарат ӨДМ, ИЖТМ, ККМ, БАА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
4 Ғимараттардың мүгедектерге қолжетімділігіне бағалау (сараптама) жүргізудің өлшемдері мен әдістері жүйесін және оны жүргізудің тәртібін әзірлеу және енгізу Әдістемелік ұсынымдар Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар 2015 жылғы сәуір Талап етілмейді
5 Мүгедектерге оңалту қызметтерін, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру салаларында қызмет көрсететін ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар ӨДМ, ДСМ, БҒМ, ИЖТМ, Мәдениетмині, ККМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БАА 2014 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
6 Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды жетілдіру («Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 18 тамыздағы № 328-ө-м және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 413 бірлескен бұйрығы) Бірлескен бұйрық Еңбекмині, ӨДМ 2014 жылғы қараша Талап етілмейді
2. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып жетілдіру
7 Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің негізінде мүгедек балаларға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді жетілдіру және олардың кедергілерді жоюға мұқтаждығын айқындау бөлігінде объективтік өлшемдерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы қазан Талап етілмейді
8 Денсаулық сақтау және медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі дәрігерлерін оқыту бағдарламаларына Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесі ережелерінің өлшемдерін және жіктемелері мәселелерін енгізу Еңбекминіне ақпарат ДСМ 2014 жылғы желтоқсан Талап етімейді
9 Алғашқы мүгедектікке шығуды және динамикалық байқауды мониторингілеу мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің диспансерлік аурулар тіркелімі мен Еңбекмині Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорының бірлескен өзара іс-қимылының кезеңдік жоспарын әзірлеу Бірлескен іс-қимыл жоспары Еңбекмині, ДСМ 2015 жылғы ақпан Талап етілмейді
10 Протез-ортопедиялық бұйымдардың сапасын арттыру және оларды уақтылы ұсыну үшін «Республикалық протездiк-ортопедиялық орталығы» АҚ және Травмотология және ортопедия ҒЗИ өзара іс-қимылы жөнінде Астана қаласында пилоттық жоба өткізу Еңбекминіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі 2016 жылғы 20 қаңтар Қажет*
11 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін оңалту орталығы» РМҚК, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер және сурдологиялық кабинеттер базасында кохлеарлық иплантациядан өткен балалардың есту-сөйлеуін оңалтуды өткізу Еңбекминіне ақпарат «РЕҚОО» РМҚК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы желтоқсан РБ – 173,7:
2014 ж. – 86,5
2015 ж. – 87,2
12 Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қолдау, медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу процесін оңтайландыру жөніндегі электрондық композиттік қызметті енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар ДСМ, БАА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
Өндірістегі жарақаттану мен еңбек жағдайлары ерекше қауіпті және зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың кәсіптік ауруларының алдын алу шаралары
13 Қауіпті және зиянды факторлары бар өндірістердегі кәсіптік аурулар мен еңбек жарақаттарының мониторингі мен есебін жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы қараша Талап етілмейді
14 Еңбек жағдайлары ерекше қауіпті және зиянды ұйымдарда медициналық тексерулер (алдын ала және кезеңдік) өткізу тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы 1 сәуір Талап етілмейді
15 ДСМ Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ҒЗИ мен Еңбекминінің медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы жүзеге асыратын еңбек жағдайлары ерекше қауіпті және зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың кәсіби еңбек қабілетінен айырылуын белгілейтін тәсілдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар ДСМ 2015 жылғы 20 қаңтар Талап етілмейді
16 Мыналарды:
1) кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін енгізуді;
2) еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс берушілер үшін жеңілдікті декларацияны енгізуді;
3) еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді міндетті кезеңдік аттестаттау қағидаларын қайта қарауды;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жүргізілетін бақылау нәтижелері негізінде қатерлерді бағалау жүйесін жетілдіруді;
5) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босату үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайтын кәсіпорындарды мониторингілеуді;
6) «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жетілдіруді көздейтін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Еңбекминіне ұсыныстар ДСМ, ИЖТМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы 20 қаңтар Талап етілмейді
3. Оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру
1. Медициналық оңалту
17 Қазақстан Республикасының тұрғындарын медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартын енгізу Еңбекминіне ақпарат ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы 20 қаңтар Талап етілмейді
2. Әлеуметтік оңалту
18 Мүгедектер мен қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар РБ – 13,7 2014 ж. – 6,6 2015 ж. – 7,1
19 Үкіметтік емес ұйымдардың арасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Көзделген қаражат шегінде
3. Кәсіптік оңалту
20 Мүгедектерді қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтау Еңбекминіне ұсыныстар БҒМ 2014 жылғы сәуір Талап етілмейді
21 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту процесіне қоғамдық мониторинг нәтижелерін қарау Еңбекминіне ақпарат Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ҮЕҰ өкілдері (келісім бойынша) жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
4. Мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен және тиісті қызметтермен қамтамасыз ету және оларды өндіру инфрақұрылымын дамыту
22 Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің стандарттарын жетілдіру және оларды өндірудің жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині 2015 жылғы 10 ақпан Бюджеттен тыс қаражат
23 Протез жасауда, протездеуде және есту протезін қоюда жаңа технологияларды енгізу үшін инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау),
ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
2015 жылғы 10 ақпан Талап етілмейді
24 Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қорғау органдары оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуына үлгілік техникалық ерекшеліктер жөнінде әдістемелік ұсынымдар дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ҮЕҰ өкілдері (келісім бойынша) 2015 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
25 Мүгедектерге оңалтудың техникалық құралдарын шығаратын ұйымдардың ғимараттарына мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
26 Сыйымдылығы шағын әлеуметтік үйлер және отбасылық үлгідегі мекемелер желісін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы сәуір Талап етілмейді
5. Жұмыспен қамтудың қолжетімділігін қамтамасыз ету
27 «Қазақстанда іске асырылатын үздік жобалар» көрмесін жыл сайын өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ҮЕҰ өкілдері (келісім бойынша) 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
28 Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн, тоқсан сайын Көзделген қаражат шегінде
29 Мүгедектерді «сайт администраторы», «аудармашы», «бухгалтер», «журналист», «дизайнер» мамандықтары бойынша қашықтықтан жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөнінде пилоттық жоба жүргізу Еңбекминіне ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2016 жылғы 20 қаңтар Қажет*
30 Мүгедектерді жұмыспен қамтуды іске асыру тетігін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде квота белгілеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және ҮЕҰ өкілдері (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым Талап етілмейді
6. Мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы объектілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету
31 Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын әзірлеу және бекіту бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы наурыз Талап етілмейді
32 Мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ғимараттарға және құрылыстарға, тұрғын үйге, көлік инфрақұрылымына кезең-кезеңімен түгендеуді (паспорттауды) жалғастыру Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн, тоқсан сайын Талап етілмейді
33 Инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне (ғимараттар мен құрылыстарға), денсаулық сақтау, мәдениет және туризм мекемелеріне, тұрғын үйлерге, байланысқа қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге талаптар дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), ӨДМ, ККМ, ИЖТМ, БАА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2014 жылғы маусым Талап етілмейді
34 Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде паспорттаудан өткен объектілерді бейімдеу Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн, тоқсан сайын Көзделген қаражат шегінде
35 Объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік бағдарламаларының жүзеге асырылуына ай сайын мониторинг жүргізу Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Талап етілмейді
36 Кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектер арбаларына арналған құрылғыларды қамтамасыз ете отырып, ғимараттарды, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде құрылыс нормалары және қағидалары мен басқа нормалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту Еңбекминіне ақпарат ӨДМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
37 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында қолжетімділік қамтамасыз етіліп салынған ғимараттардың, инфрақұрылым объектілерінің құрылыс нормалары және қағидалары мен басқа нормалар талаптарын сақтауына қоғамдық мониторингтің қорытындыларын қарау Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
38 «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн 2014 ж. – 181,8
РБ – 90,9
ЖБ – 90,9 2015 ж. – 194,6
РБ – 97,3
ЖБ – 97,3
39 Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн 2014 ж. – 304,6
РБ – 243,7
ЖБ - 60,9
2015 ж. – 325,9 РБ - 260,7
ЖБ - 65,2
40 Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн 2014 ж. – 105,5
РБ – 84,4
ЖБ – 21,1 2015 ж. – 112,9
РБ – 90,3
ЖБ – 22,6
41 Мүгедектерге бейімделген көлік инфрақұрылымы (теміржол, авто, әуе, өзен вокзалдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандустар, тұрақтар, вагондардың, купелердің, мүгедектерді ұшақ бортына көтеруге арналған арнайы басқыштардың, мүгедектер арбаларына жабдықталған кіретін және түсетін арнайы пандустары бар автобустардың болуы) жөніндегі қағидалар, стандарттар талаптарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат ККМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
7. Хабардар болу
42 Еңбекминінің веб-сайтында «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция» ақпараттық порталын құру Ақпараттық портал Еңбекмині 2014 жылғы маусым Бюджеттен тыс қаражат
43 Жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен (және/немесе субтитрлеумен) трансляциялауды қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн 2014 ж. – 548,6
РБ – 438,9
ЖБ – 109,7 2015 ж. – 587
РБ – 469,6
ЖБ – 117,4
44 Үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, мүгедектің құқықтары, міндеттері, оған ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі мен түрлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
45 Мерзімді, ғылыми, оқу-әдiстемелік, анықтамалық және көркем әдебиет, соның ішінде аудиотаспаларды, дискілерді, бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен және сурдоаудармасы бар бейнетаспаларды шығаруды ұйымдастыру туралы ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар БҒМ, ДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, БАА 2014 жылғы 1 сәуір Талап етілмейді
8. Саяси және қоғамдық өмірге қатысу
46 Барлық өңірлерде мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарынан барлық деңгейдегі әкімдердің штаттан тыс кеңесшісі институтын енгізу Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы 20 қаңтар Талап етілмейді
47 Сайлау туралы ақпараттың барлық қажетті балама қолжетімді форматтарда (ірі қаріптерді, Брайль тілін, ымдау тілін пайдалану және басқа) қолжетімділігі мен таралуын қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Сайлау өткізу кезеңінде Талап етілмейді
48 Сайлау өткізу кезінде мүгедектердің үй-жайларға қолжетімділігін қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Сайлау өткізу кезеңінде Талап етілмейді
49 Сайлау комиссияларының құрамына мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін енгізу Еңбекминіне ақпарат облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Сайлау өткізу кезеңінде Талап етілмейді
50 Еңбек ұжымдарында мүгедектердің мүдделерін білдіру институтын енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы 20 қаңтар Талап етілмейді
51 «2015 жылды Тең мүмкіндіктер жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині 2014 жылғы қазан Талап етілмейді
52 Мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы нысандарға қолжетімділігі жөнінде Ұлттық есепті жыл сайын беру жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР кәсіпкерлері ұлттық палатасының, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен ҮЕҰ өкілдері (келісім бойынша) 2015 жылғы 10 ақпан Талап етілмейді
53 Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігін бағалаудың сапалық-сандық өлшемдері кешенін дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу Еңбекминіне ұсыныстар Мәдениетмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар (келісім бойынша) 2014 жылғы 25 сәуір Талап етілмейді
54 Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның сақталуына мониторинг жүргізудің ұлттық тетігін қалыптастыру туралы ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар Еңбекмині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР кәсіпкерлері ұлттық палатасының, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар (келісім бойынша) 2015 жылғы 10 ақпан Талап етілмейді
55 Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ағарту науқанын өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен баяндамалар дайындау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу Еңбекмині мен БАА бірлескен бұйрығы Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, БАА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жыл сайын, 30 маусым Талап етілмейді
9. Статистика және деректерді жинақтау
56 Гендерлік ерекшелікті ескере отырып, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасы бойынша іріктеме тексерулер ұйымдастыру және өткізу Еңбекминіне ақпарат СА (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2015 жылғы 20 қаңтар Көзделген қаражат шегінде
57 Көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің ақысыз негізде ресми сұрау салу бойынша жалпыға қолжетімді нысанда статистикалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету Еңбекминіне ақпарат СА жыл сайын, 20 қаңтар Талап етілмейді
* қаржы көлемі 2015 жылға арналған жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын болады.
СА           - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
БАА          - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
ДСМ          - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИЖТМ         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БҒМ          - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӨДМ          - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ККМ          - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация   министрлігі
Еңбекмині    - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі
ЭБЖМ         - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
«РЕҚОО» РМҚК - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін оңалту орталығы» РМҚК
Полная версия
ИС BestProfi