Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 28.05.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық қүндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 556 және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 306 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 325 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 865 Қаулысымен (02.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
мынадай мазмұндағы 421-2 және 421-3-тармақтармен толықтырылсын:
«421-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
421-3. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия