Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығы
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Әділет министрінің 09.06.2023 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес 
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1379 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 13.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1379 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1379 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (13.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 13 ақпанда
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы
Нұсқаулық жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (13.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нұсқаулықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1379 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 11.09.2018 жылғы № 1379 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады:
1) акведук - ерекше мақсаттағы жасанды құрылыс, оның ішінде кеме қатынасына арналған көпір арналар, суару арнасы немесе су құбырына суағындысына арналған көпірлер, лотоктар;
2) арзан құнды құрылыс - күрделі құрылыстарда пайдаланылмайтын, уақытша сипаттағы, тозығы жеткен, жартылай бұзылған (тарихи және сәулеттік ескерткіштерден басқа) материалдардан салынған құрылыс; техникалық паспортқа енгізілмейді, алайда толық сипаттамасымен абристе көрсетіледі;
3) балкон - ғимарат қасбетінде орналасқан, тіреуіш қанаттармен қоршалған алаң;
4) виадук - үлкен жыраны, шатқалды, алапты өткен кездегі салынған жасанды құрылыс;
Полная версия
ИС BestProfi