Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
8) «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
9) «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 240 қаулысымен
бекiтiлген
«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Полная версия
ИС BestProfi