Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.04.2015 жылғы № 284 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1169 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1012-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 319 қаулысымен
бекітілген
«Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет  көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған  жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің  кедендік тізіліміне енгізу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Полная версия
ИС BestProfi