Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2014
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 93 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9310 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
21 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«21 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
мынадай мазмұндағы 56 - ерекшелікпен толықтырылсын:
«56 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық органдары салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 238 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«238 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 005, 010, 015, 016, 017, 018, 019, 020 және 021 бюджеттік бағдарламалары бар 621 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi