Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығы
Редакция 05.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын.
2. Кеңес туралы ереже бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.08.2019 жылғы № 87 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестің дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Осы Жарлық 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 05.08.2019 жылғы № 87 Жарлығына сәйкес
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 791 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 11.09.2017 жылғы № 540 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (11.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.08.2019 жылғы № 87 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
Полная версия
ИС BestProfi