"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 363 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды:
арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
2) екі есігі, бұл ретте сыртқысы - қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан, ішкісі - торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс;
арнайы жабдықталған қойма есігі ойығының (есіктің қорабы) диаметрі 10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен және қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден орындалады;
4) желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкіндігін болдырмайтын көлемі 150x150 мм аспайтын тор көздері бар болат тор орнатылады. Инженерлік желілерді тартуға арналған қабырғалардағы тесіктердің диаметрі 200 мм аспайды;
5) терезелер болған жағдайда, оларға болат торлар, сондай-ақ металл қақпақтар немесе рол-ставнялар орнатылады. Торлардың, қақпақтардың және рол-ставнялардың жиектері диаметрі 10-12 мм болат арматурадан жасалған істікпен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылады. Шалқасынан ашылатын терезе қақпақтары берік аспалы немесе ішкі құлыптарға жабылады. Есік, терезе ойықтарына орнатылатын торлар диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе қалыңдығы кемінде 14 мм шаршы болат шыбықтан, ал қақпақтар қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады;
8) электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалған екі және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, шыныларды жарғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам болғанда іске қосылатын датчиктер орнатылады. Күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жай ішінде ғана жүргізуге рұқсат етіледі;
жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пультіне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;
жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны ішкі істер органдарымен келісім бойынша азайтылады немесе көбейтіледі;
келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.
дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін («күн-түн» үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;
2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру («Дабыл кнопкалары») құралдарының болуы;
3) сауда залында көруге қойылатын, сатып алуға рұқсаттар немесе лицензиялар талап етілетін қару бекітпеде орналастырылады, ол сауда залына келушілердің бақылаусыз иеленуінен қорғалады («тростық» немесе ұқсас бекітпе не сөрелерде қорғалушы шыныларды, пленкаларды орнату);
6) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтау үшін сөрелердің артына кемінде екі шкаф орнатылады. Оқ-дәріні капсюльдермен немесе жасақталған патрондармен бірге бір шкафта сақтауға тыйым салынады.
арнайы жабдықталған қойманың, қару мен оның патрондары бар металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға рұқсат етілмейді;
9) осы Ереженің 60-тармағы 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) ішкі істер органдарының рұқсаттары немесе лицензиялары бойынша сатып алу жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні қалдыруға жол берілмейді;
10) сауда залында витражды қоршаулар болған жағдайда, олар соққыға төзімді немесе шыныны тесуге төзімді материалдан жасалады, оққа төзімді шыны орнатуға жол беріледі.»;
«63-1. Ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс қаруды сатқан кезде дүкендердің сатушылары қаруды сатып алуға рұқсатты (лицензияны) сатып алушының Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының түпнұсқасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.»;
«7) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес әкелінген қару және оның өткізілуі туралы жылдық есеп ұсынады.»;
«91. Қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұратын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй), үй-жайларды күзету жүйесімен (пульттік немесе автономды сигнализация) жабдықталады. Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Қару иесінің тұрақты тұратын жерінен тыс орындарда (жеке үй, пәтер, бақтағы үй, гараж, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке белмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.
Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің түрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны»;
Қазақстан Республикасы әуежайларының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері
Қару түрі
қысқа тегіс ұңғылы атыс немесе жарақат салатын, газды және жарық-дыбыстық әсері бар патрондарымен ұңғысыз атыс қаруы
Ұзын тегіс ұңғылы мылтық
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы (оның орынбасары)
1
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
1
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы (оның орынбасарлары)
1
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы
1
Бақылау-өткізу пунктіндегі авиациялық қауіпсіздік қызметі қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы (кіші инспекторы)
бекетке1
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым инспекторы (кіші инспекторы)
Бекетке (патрульге)1
Авиациялық қауіпсіздік қызметі қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы (кіші инспекторы) - қызметтік иттердің жетекшісі, патрульдік-із кесуші иттің бапкерлері.
4. Қарудың жалпы саны әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым қызметкерлерінің бекітілген штат кестесі бойынша жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлікке бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.
криминалистикалық талаптарға сәйкестік қорытындысынң нөмірі мен күні
Қазақстан Республикасы ДСМ-нің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 55** бұйрығы бойынша берілген қорытындының нөмірі мен күні
Сатылған қару
Сыртқы экономикалық келісімшарттың нөмірі, күні, ҚР ІІМ ӘПК әкелуге берген рұқсаттың
Заңды тұлғаның атауы, қызмет түріне (қаруды сату жөніндегі дүкендер үшін) берілген лицензияның нөмірі, күні, келіп түскен күні
Қаруды комиссиялық сатуға тапсырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұғаның Т.А.Ә. (комиссиялық сатуға берілген жолдаманың нөмірі, күні, кім берді), келіп түскен күні
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғаға
азаматтық және қызметтік қаруды пайдалану құқығы бар заңды тұлғаға
жеке тұлғаларға
атауы, мекенжайы, сатылған күні
қызмет түріне берілген лицензияның нөмірі мен күні
сатып алуға берілген лицензияның нөмірі мен күні
атауы, мекенжайы, сатылған күні
сатып алуға берілген лицензияның нөмірі мен күні
Т.А.Ә. сатылған күні
сатып алуға берілген рұқсаттың нөмірі мен күні, кім берген (ішкі істер органдарының толық атауы)