Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
«Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары  (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 12-тармағын ,  15-тармағының екінші бөлігін ,  174-тармағын   және  177-тармағының екінші бөлігін  қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 353 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары 
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі - тіркелу) - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрі - қатысушы) - тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
Полная версия
ИС BestProfi