Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 384 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында:
2-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың және одан көп айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша;
ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi