Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.04.2023
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 ақпанда № 9139 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 08 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық  ұйымдардың қызметі туралы ереже 
1. Осы урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
2. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары урологиялық және андрологиялық пациенттерді анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын штаттан тыс бас уролог маман (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) үйлестіреді.
4. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанында көрсетіледі.
5. Штаттан тыс бас уролог мамандар (облыстардың, қалалардың) облыстық (қалалық) денсаулық сақтау ұйымдарына және Алматы қаласындағы «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ-ға жыл сайын урологиялық аурулар кезінде асқынулардың, өлімдердің талдауымен есепті еркін түрде ұсынады.
6. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымның Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың  негізгі міндеттері мен функциялары 
Полная версия
ИС BestProfi