Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2016
Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 наурызда № 9280 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 14 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.06.2015 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (26.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу әдiснамасы департаментi (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасы Қаржы
министрінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 77 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық  қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген,  мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар,  жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің  дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып  алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау,  қорыту және талдау қағидасы 
1. Осы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.06.2015 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (26.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қағида Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды.
3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
2) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша  есептілікті жинау 
4. Өткізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептер мен Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемдері туралы ақпарат осы Қағидаларға тиісінше 1–29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде қалыптастырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 22.06.2015 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (26.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi