Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2019
Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 11 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9273 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Төкежанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 11 ақпандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық  және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау  ұйымдарының қызметі туралы ереже 
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу (клиникалық нұсқаулармен) хаттамаларына сәйкес «гастроэнтерология» мамандығы бойынша дәрігер мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрінде көрсетеді.
4. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында, сондай-ақ қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту нысанында көрсетіледі.
5. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары гастроэнтерологиялық және гепатологиялық науқастарды анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
6. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек «гастроэнтерология» мамандығы бойынша дәрігерлердің «хирургия», «онкология», «сәулелік диагностика», «инфекциялық аурулар» және басқа аралас мамандықтар бойынша дәрігерлермен пәнаралық өзара іс-қимыл жасаудың негізінде көрсетіледі.
7. Гастроэнтерология және гепатология саласындағы қызметті денсаулық сақтау ұйымдары бейінді және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi