Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.09.2014
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (13.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 41 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.07.2012 жылғы № 965 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (24.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 705 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
«Нұр Отан» партиясының хатшысы (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Қазақстан экономистері қауымдастығы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы үйлестіру кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстанның Ұн тартушылар одағы Құрылтай кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшесі, «Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келiсiм бойынша)
«ҚАЗКА» Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының бас директоры (келiсiм бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысымен
бекітілген
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
1) шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-ахуалды жақсарту:
- лицензиялау-рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру, е-лицензиалауды енгізу;
- шағын және орта кәсіпкерлікті тексерулерді қысқарту және реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру, тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдау;
- «Doing Business» (бизнесті жүргізу жеңілдігі) Дүниежүзілік Банкінің есебінде ұсынылған көрсеткіштерді жақсарту;
2) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру;
3) кәсіпкерлікті дамытуға және оларды ресурстық қамтамасыз етуге байланысты республикалық және жергілікті бағдарламаларды үйлестіру;
4) кәсіпкерлікті қорғау және кәсіпкерлік саласындағы қылмыстық, әкімшілік заңнаманы жетілдіру;
5) кәсіпкерлік саласындағы экономикалық саясат мәселелері
6) агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпкерлік мәселелері;
4-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.07.2010 жылғы № 711 Қаулысына сәйкес
7) Кеден одағының мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.07.2010 жылғы № 711 Қаулысына сәйкес
5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
1) шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік органдармен, республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті бейіндегі мамандарын, отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіру үшін жұмыс топтарын (штабтар) ұйымдастыруға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасарларының бірі орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 705 Қаулысымен (24.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңестің жұмыс органы Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңестің отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңестің мүшелеріне жіберілуі тиіс.
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2) Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
12. Кеңестің отырысын төраға өз бастамасы бойынша, Кеңес төрағасы орынбасарының бастамасы бойынша не Кеңес мүшесінің бастамасы бойынша Кеңеске қарауға ұсынылатын материалдар негізінде шақырады.
13. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Кеңестің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңестің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
14. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
16. Кеңестің отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
2. «Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 539 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1123 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 322-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi