Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.04.2015 жылғы № 284 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
13) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
14) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
15) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
16) «Салық резиденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
17) «Алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Полная версия
ИС BestProfi