«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына , 3 тармақтың 8-бабына және «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» [[Қазақстан Республикасының Заңына|548346325]] өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 214 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 8 , 9 - қосымшалар осы бұйрыққа 1 , 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 сәуірде туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 214 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 8-қосымша
Орташа есептік құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф
р/с № | Медициналық ұйым атауы | Тариф (теңге) |
1 | Алматы қаласындағы «Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» РМҚК | 122 659 |
2 | Астана қаласындағы «Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» РМҚК | 191 505 |
3 | «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» РМҚК |
|
Бір ересек науқастың емделіп шығу жағдайы үшін тариф | 128 333 | |
Бір баланың емделіп шығу жағдайы үшін тариф | 445 119 | |
4 | Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ | 466 144 |
| «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» РМҚК |
|
| Бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф | 297 998 |
5 | Науқас баланын қасындағы адамға (1 жасқа дейінгі баланы емізетін анасы) | 29 733 |
| Науқас баланың қасындағы адамға анасы (әкесі) (3 жасқа дейінгі баланы күтуді, сондай-ақ дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін ересек науқас баланы күтуді тікелей жүзеге асыратын өзге адам) | 13 934 |
6 | «Алатау» балалар клиникалық санаторийі» РМҚК | 103 428 |
7 | Алматы қаласындағы «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | 197 084 |
8 | «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалы | 224 826 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 214 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 9-қосымша
Бір төсек күн үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын стационарлық көмек нысанындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф
р/с № | Медициналық ұйымның атауы | Базалық тариф (теңге) |
1 | Павлодар қаласындағы «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК | 6 227 |
2 | Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» РМҚК | 11 983 |