Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9330 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 11.06.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
Редакция 18.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 434 бұйрығының (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7994 тіркелген, 2012 жылғы 17 қарашада № 756-760 (27832) және 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі – МҒТС) қорытындысы. Ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме қызмет алушының МҒТС объектілерін арналған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан екі данадан өткізуге өтінімін (бұдан әрі – өтінім) алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімдері (іс-қимылдар):
1) Комитеттің қызметкері өтінім түскен кезден бастап он бес минут ішінде оны берілген өтінімдердің тіркеу журналында тіркейді және өтінімді берген күні оны Комитеттен іліспе хатпен қызмет берушіге жолдайды;
2) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінім түскен кезден бастан он бес минут ішінде оны кіріс хаттарын тіркеу журналында тіркейді және қызмет берушінің басшысына қарастыруға береді;
3) қызмет берушінің басшысы өтінім түскен кезден бастап екі сағат ішінде өтінімді қызмет беруші басшысының орынбасарына қарастыруға жазады;
4) қызмет беруші басшысының орынбасары өтінім түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысына қарастыруға жазады;
5) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысы өтінім түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді орындау үшін қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкеріне береді;
6) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкері:
өтінім түскен кезден бастап күнтізбелік жиырма тоғыз күн ішінде өтінімді қарайды, оны өңдейді және МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаулары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер қорына енгізеді;
өтінімді МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаулары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер банкіне енгізгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сарапшыларды іріктейді және олармен қол қою үшін МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарттар жасайды;
МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы сарапшылармен шарттар жасалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде МҒТС қорытындысын дайындайды.
МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелері барлық МҒТС объектілері бойынша МҒТС жүргізленгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында жарияланады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) қызмет берушіге өтінімдерді беру комитетінің ілеспе хаты;
2) қызмет берушінің кеңсесінде өтінімді тіркеу және оны қызмет берушінің басқарушысына беру;
3) қызмет беруші басшысының резолюциясы;
4) қызмет берушінің басшысы орынбасарының резолюциясы;
5) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы басшысының резолюциясы;
6) МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаулары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер банкіне енгізу;
7) МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы сарапшылармен шарттар;
8) МҒТС қорытындысы және қызмет берушінің интернет-ресурсында МҒТС нәтижелері жариялау.
3. Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Комитет және көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
2) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;
4) қызмет беруші басшысының орынбасары;
5) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысы;
6) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкері.
8. Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы.
8-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 18.06.2014 жылғы № 231 Бұйрығымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1) Комитеттің қызметкері өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны берілген өтінімдердің тіркеу журналында тіркейді және өтінімді берген күні оны Комитеттен ілеспе хатпен қызмет берушіге жолдайды;
2) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінім түскен сәттен бастан он бес минут ішінде оны кірген хаттар тіркеу журналында тіркейді және қызмет берушінің басшысына қарастыруға тапсырады;
3) қызмет берушінің басшысы өтінім түскен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қызмет беруші басшысының орынбасарына қарастыруға жазады;
4) қызмет беруші басшысының орынбасары өтінім түскеннен сәттен бастап екі сағат ішінде өтінімді қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысына қарастыруға жазады;
5) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының басшысы өтінім түскен сәттен бастап екі сағат уақытында өтінімді орындау үшін қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкеріне тапсырады;
6) қызмет беруші мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қызметкері:
өтінім түскен кезден бастап күнтізбелік жиырма тоғыз күн ішінде өтінімді қарайды, оны өңдейді және МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаулары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер қорына енгізеді;
өтінімді МҒТС объектілерінің электрондық нұсқаулары деректерінің банкіне және МҒТС объектілері бойынша деректер банкіне енгізгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сарапшыларды іріктейді және олармен қол қою үшін МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарттар жасайды;
МҒТС жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы сарапшылармен шарттар жасалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде МҒТС қорытындысын дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Комитеттің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті беруші өзінің www.ncste.kz интернет-ресурсында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әрбір кезеңді аяқтау туралы бес жұмыс күні ішінде ақпаратты жариялайды.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелері, аталған конкурс шеңберіндегі барлық МҒТС объектілері бойынша МҒТС жүргізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында жарияланады.
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптама өткізу»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 18.06.2014 жылғы № 231 Бұйрығымен (04.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi