Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 446 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 52-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-2-жолмен толықтырылсын:
«
69-2. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
117. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-1, 118-2 және 118-3-жолдармен толықтырылсын:
«
118-1. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
118-2. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
118-3. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
»;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
»;
реттік нөмірі 120-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 125, 128, 144-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
160. |
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы |
»;
«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі», «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі» деген бөлімдер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
165. |
Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы |
166. |
«Қазақстан инижиниринг» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі |
|
167. |
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
168. |
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
169. |
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов