Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Документ показан в демонстрационном режиме!
ҚР ҚН 1.01-01-2011
  ҚР сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы
  нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі
 СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ
 МЕМЛЕКЕТТIК НОРМАТИВТЕР
 Негізгі ережелер
2 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті ЕНГІЗГЕН
3 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық  
шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылдың 8 тамызындағы  
01.01.2012 жылдан бастап  МІНДЕТТІ НЕГІЗДЕ
Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы ҚОЛДАНУ ҮШІН
Мемлекеттік нормативтердің құрылымы бойынша ҚР ҚН 1.01 кешеніне кіреді  ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
4 ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001-дің ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН
Мемлекеттік нормативтің бұл басылымы ресми басылым болып табылмайды және қолданыстағы нормативтік құжаттарды рәсімдеу және шығару тәжірибесін пайдаланып дайындалған. Мәтін әзірлеуші редакциясымен ресми түрде басылған мемлекеттік нормативке сәйкес. Құжаттың мазмұны мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сәйкессіздігіне баспа жауапты емес.
2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін  реформалау концепциясына сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыстың тұрақты биік мәдениетін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау - реформаның стратегиялық мақсаты болып табылады.  
Техникалық реттеу аумағында құрылыс заңнамалары мен нормативтік-техникалық құжаттарды экономикасы дамыған елдерде қолданылатын шетелдік құжаттарға ұқсастыру – реформаға негізгі талап болып табылады.  
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін заңды реттеу негіздеріне, заңнама мен өтпелі кезеңде Қазақстанда әрекеттегі басқару құрылымына, сондай-ақ халықаралық нормативті құқықтық актілерге, нормативтік-техникалық құжаттарға және өзге де міндетті және кепілдемелік талаптарға, шарттар мен шектеулерге сәйкес жетілдірілуі қажет.
Мемлекеттік нормативтердің негізгі бағыты – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы да экологиялық қауіпсіз ортаны құруда азаматтар мен қоғамның заңмен қорғалатын сұраныстарын қамтамасыз ету, жобалық және құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқығын қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, салынған объектіні пайдалануға берген кезде тұрақты функционерлеуін қамтамасыз ету.  
Полная версия
ИС BestProfi