Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V Заңы
Редакция 01.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне(Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат;2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; №3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат;№ 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсiпкерлiк қызметтi, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан және хабарламалардан басқа, қандай да бір рұқсаттар алмай нехабарламаларды жібермей жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасызету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, сәйкестікті міндетті растау жөніндегі талаптар мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, рұқсат беру тәртібі белгіленеді.»;
2) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер дара кәсіпкер лицензиялануға жататын қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті.
Лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.»;
3) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзiмi өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.»;
4) 49-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «рұқсатсыз (лицензиясыз)» деген сөздер «лицензиясыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қажеттi рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.».
2.2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат;2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 г. № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
Полная версия
ИС BestProfi