Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2025 жылғы № 992 Жарлығына сәйкес (18.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже мәтіні бойынша "(Республикалық ұлан)", "(Республикалық ұланды)" деген сөздер алып тасталды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже мәтіні бойынша «Объектілерді қорғау қызметі», «Объектілерді қорғау қызметін», «Объектілерді қорғау қызметінің» сөздері «Айрықша мақсаттағы күштері», «Айрықша мақсаттағы күштерін», «Айрықша мақсаттағы күштерінің» сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 13.09.2019 жылғы № 13 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.09.2019 жылғы № 13 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (13.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.07.2023 жылғы № 285 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.
3. Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік күзет қызметі республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртабандары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.02.2024 жылғы № 483 Жарлығына сәйкес (17.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Мемлекеттік күзет қызметінің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік күзет қызметі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.