Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2018
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 507 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 207 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрi               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 мамырдағы
№ 507 қаулысымен
бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
1. Осы шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықжәне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 279-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттiорган (бұдан әрi– уәкiлеттiорган) – сауда қызметiсаласында басшылықты және салааралық үйлестiрудiжүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) импортталатын тауарлардың қосымша тізбесі (бұдан әрi– қосымша тізбе) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес акциз салуға жатқызылатын Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың тізбесі;
3) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалы үшін қолданылатын көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралдары;
4) тауардың шығарылған елі – тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел.
4. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
2. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі
5. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттiорган елдер бөлінісінде тауарлар импортының жай-күйі мен серпініне тоқсан сайын талдау жүргізеді, оның негізінде тауарлар импорты көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ олардың өсу қарқыны анықталады.
6. Талдау нәтижелерінің негізінде уәкiлеттiорган импортының үлесі осы тауардың үшінші елдерден Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінен 30 пайыздан артық елдер бөлінісінде неғұрлым көп импортталатын тауарлар тізбесін жасайды.
7. Уәкiлеттiорган қосымша тізбе қалыптастыру үшін неғұрлым көп импортталатын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
8. Уәкiлеттiорган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісудің қорытындылары бойынша импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін қалыптастырады.
9. Импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау жөніндегі ұсынысты уәкiлеттiорган Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.
10. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы шешімін ескере отырып, уәкiлеттiорган импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін бекітеді.
11. Қазақстан Республикасының кеден органының сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректері негізінде уәкiлеттiорган тоқсан сайын елдер бөлінісінде қосымша тізбеде көрсетілген тауарлардың импорты бойынша мониторинг жүргізеді.
12. Уәкiлеттiорган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосу немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастау жөніндегі ұсынысты осы Қағидалардың 59-тармақтарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады.
13. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімін ескере отырып, уәкiлеттiорган импортталатын тауарды қосымша тізбеге қосады немесе импортталатын тауарды қосымша тізбеден алып тастайды.
Полная версия
ИС BestProfi