Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 523 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:
1, 2, 3, 4 және 5-нысандар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 523 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Р/с № |
Есептіліктің атауы |
Орналастыру кезеңділігі |
Есептілікке қолжетімділігі бар мемлекеттік орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қарыз алу құрылымы және оны өтеу кестесі (кепілдіктер құрылымы) (6-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
2. |
Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері (7-нысан) |
жылына бір рет, 1 шілдеге дейін, 2013 жылдан бастап тоқсан сайын, есепті кезеңнен бастап күнтізбелік 80 күн өткеннен кейін |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
3. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшалай қаражатын игеру жөніндегі есеп (8-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині, БП, ЭСЖКА |
4. |
Ұлттық компаниялар мәртебесі бар еншілес ұйымдардың әлеуметтік көрсеткіштері жөніндегі есеп (9-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
5. |
________ жағдай бойынша инвестициялардың игерілуі және инвестициялық жобалар бойынша қуаты туралы ақпарат (10-нысан) |
тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай |
ПӘ, ПМК, ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ККМ, БАА |
6. |
Байланыс саласы бойынша талдамалық ақпарат (11-нысан) |
ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін және 11-нысанда көрсетілген мерзімдерде |
ПӘ, ПМК, БАА |
7. |
20 ___ ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың бюджеттік инвестицияларының игерілуі жөніндегі есеп (12-нысан) |
жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
8. |
20 ___ ж. «___» _______ жағдай бойынша Қордың бюджеттік кредиттерінің игерілуі жөніндегі есеп (13-нысан) |
жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
9. |
Қор тобының IT-мамандары бойынша ақпарат (14-нысан) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, БАА |
10. |
Қордың ұйымдық құрылымы (қызметкерлердің штат санын көрсете отырып) |
жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін (1 қаңтардағы жағдай бойынша) |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
11. |
Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Қордың даму жоспары және оның орындалуы жөніндегі есеп |
даму жоспары бекітілгеннен және Қордың Директорлар кеңесі есепті қарағаннан кейін бір апта ішінде |
ПӘ, ПМК, ЭБЖМ, Қаржымині |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі
Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.