«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Жоғары білімнің кәсіби оқу қысқартылған мерзімде іске Қазақстан Республикасы қылмысқа және сыбайлас қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 мамырда № 9473 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академия) оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Академия Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Р. Түсіпбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ А. Сәрінжіпов
2014 жылғы «__» _____
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Академия) Қаржы полициясы академиясына (бұдан әрі - Академияға) қысқартылған мерзімде жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі – Қағидалар) Академияға қысқартылған мерзімде жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша азаматтарды оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
2. Академияға оқуға қабылдау тәртібі азаматтарды медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері, сондай-ақ құқық негіздерін білуге әңгімелесу бойынша қабылдау және конкурстық іріктеуді ұйымдастырудан тұрады.
3. Академияға қысқартылған мерзімде білім алуға конкурстық негізде жасы жиырма бірден кем емес, жоғары білімі бар адамдар (бұдан әрі – оқуға үміткерлер), сондай-ақ:
1) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша еңбек өтілі болғаны дұрыс;
2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері бар, денсаулық жағдайы және физикалық жағынан дамыған азаматтар қабылданады.
4. Оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде – оқуға үміткерлерді іріктеу медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері мен дене шынықтыру дайындығы бойынша жүргізіледі;
екінші кезеңде – құқық негіздерін білуге әңгімелесу жүргізіледі;
үшінші кезеңде – мандаттық комиссия конкурстық негізде оқуға кандидаттарды медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері мен дене шынықтыру даярлығы бойынша мәліметтерін ескере отырып қабылдайды.
Полная версия

