«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.12.2015
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актінілерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2015 жылғы № 993 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса тіркелген бекітілсін:
1) Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
2) Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
3) Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
4) Жүк көтергіш крандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
5) Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
6) Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ;
7) Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары .
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген
Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талаптар) химиялық, мұнай-химиялық және мұнай, газ өңдеу өнеркәсібі қауіпті өндірістік объектілеріне, хлор қолданылатын басқа да қауіпті өндірістік объектілерге арналған талаптарды белгілейді.
2. Талаптар:
1) қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтау, консервациялау және жою кезінде;
Полная версия

