Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 239 бұйрығына
1–қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабы 8) тармақшасы негізінде, сондай – ақ «Ішкі су мен теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына/теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына (бұдан әрі – бөлім басшысы) береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына/теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына (бұдан әрі – бөлім маманы) береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, аттестаттау бойынша емтихан өткізудің мерзімдері туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде хабарламаға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде поштамен көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны жолдайды;
7) хабарламада белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушы бөлімнің маманы бір күн ішінде аттестаттау бойынша емтихан өткізуді ұйымдастырады;
8) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушы емтиханды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде анықтаманы ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде анықтамаға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін жүгінген сәттен бастап жиырма минут ішінде анықтама береді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігіндегі бақылау бөліміне (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөліміне) қарау үшін қарар жіберуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімі басшысының көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына қарау үшін қарар жіберуі;
4) хабарламаны ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қою үшін беру;
5) қол қойылған хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы арқылы жіберу;
7) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі маманының аттестаттау бойынша емтихан өткізуді ұйымдастыруы;
8) анықтаманы ресімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қою үшін беру;
9) қол қойылған анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
10) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін жүгінген сәттен бастап анықтама беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылды:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап төрт сағат ішінде кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, аттестаттау бойынша емтихан өткізудің мерзімдерін белгілейді және көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, хабарламаны рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт жұмыс сағаты ішінде хабарламаға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде хабарламаны пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
7) хабарламада белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушы бөлімнің маманы бір күн ішінде аттестаттау бойынша емтихан өткізуді ұйымдастырады;
8) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде анықтаманы ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт жұмыс сағаты ішінде анықтамаға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін жүгінген сәттен бастап жиырма минут ішінде оған анықтама береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.  
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы
Полная версия
ИС BestProfi