1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 212-бабы 6-1 тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 6-қосымша
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі – 1-көрсетілетін қызметті беруші);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңіз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің тіркеу орнына қарай көрсетілетін қызметті беруші немесе 2-көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен қағаз түрінде көшірме немесе үзінді беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiндегi iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз 1-көрсетілетін қызметті берушінің немесе 2-көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы өтінішін алуы болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) 1-көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде:
1-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш түскен сәтінен бастап жиырма минут үшінде өтінішті тіркеуді жүргізеді және оны 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзінді рәсімдейді, 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіге қол қояды және оларды 1-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
1-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері жиырма минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін жүгінген сәттен бастап, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзінді береді;
2) 2-көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде:
2-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш түскен сәтінен бастап жиырма минут ішінде өтінішті тіркеуді жүргізеді және оны 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті өтінішін қарайды және 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні рәсімдейді, 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіге қол қояды және оларды 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
2-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін жүгінген сәттен бастап, жиырма минут ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзінді береді;
7. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) 1-көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде:
1-көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысының 1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген қарары;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) 1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) қарау үшін берген қарары;
Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні рәсімдеу және 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін беру;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндісін көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзінді беру;
2) 2-көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде:
2-көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзуді қамтамасыз ету бойынша бөлімінің басшысына қарау үшін қарары;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзуді қамтамасыз ету бойынша бөлімі басшысының 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысына қарау үшін қарары;
Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні рәсімдеу және 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
қол қойылған Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесiндегi өзара іс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
8. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мынадай құрылымдық бөлімшелері қызметкерлер тартылады:
1) 1-көрсетілетін қызметті беруші:
1-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы /1-көрсетілетін қызметті берушінің теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы /;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы /1-көрсетілетін қызметті берушінің теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы /;
2) 2-көрсетілетін қызметті беруші:
2-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) 1-көрсетілетін қызметті беруші:
1-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші түскен сәтінен бастап жиырма минут үшінде өтінішті тіркеуді жүргізеді және оны 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, 1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, 1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) береді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) үш күн ішінде көрсетілетін қажетті алушының өтінішін қарап, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні рәсімдейді, 1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
1-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіге қол қояды және оларды 1-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
1-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері үшін көрсетілетін қызметті берушінің өтініші түскен сәттен бастап жиырма минут ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні береді;
2) 2-көрсетілетін қызметті беруші:
2-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш түскен сәтінен бастап жиырма минут ішінде өтінішті тіркеуді жүргізеді және оны 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және 2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарап, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіні 2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
2-көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзіндіге қол қояды және оларды 2-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
2-көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері жиырма минут ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен көшірме немесе үзінді мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
10. 1-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы «Кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» регламентіне 1-қосымшаға сәйкес 1-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар блок-схемасында келтірілген.
2-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы осы «Кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» регламентіне 2-қосымшаға сәйкес 2-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар блок-схемасында келтірілген.
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
1-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы.
«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
2-көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы.
Полная версия