Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және
 коммуникация министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 239 бұйрығына
 9-қосымша
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан – әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік кызметтің нәтижесі: 
1) кеме куәлiгiн, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты;
2) қағаз түрінде кеме куәлiгiнің телнұсқасын;
3) қағаз түрінде кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау туралы анықтаманы беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрi – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштін мен құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажеті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (темір жол және су көлігін бақылау бөлімінің бастығына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшығы) төрт сағаттың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінімін және басқа құжаттарын қарайды және қызмет берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (темір жол және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына) тапсырады.
4) қызмет берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (темір жол және су көлігінде бақылау бөлімінің маманы):
төрт жұмыс күні ішінде – кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде, үш жұмыс күні ішінде – кемелерді мемлекеттік тіркеуден алып тастау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінімін және құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсететін қызметі үшін қажетті талаптар сәйкестілігіне орнатылғанға оны тексереді;
кеме куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады;
кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта;
кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама қағаз тасығышта ресімделеді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бір сағаттың ішінде қызмет берушінің бастығына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) қызмет берушінің бастығы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына төрт сағаттың ішінде кеме куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама беру қол қояды және қызмет берушінің кенесіне жолдайды;
6) қызмет берушінің кенсе маманы бір жұмыс күні ішінде кеме куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын курьер арқылы ХҚО жолдайды. 
6. Мемлекеттік көрсететін қызмет жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз жеткізгіште, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға беру;
5) қол қойылған куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз жеткізгіште, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз жеткізгіште, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы);
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы).
8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) қызмет берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (темір жол және су көлігінде бақылау бөлімінің маманы):
төрт жұмыс күні ішінде – кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде, үш жұмыс күні ішінде – кемелерді мемлекеттік тіркеуден алып тастау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінімін және құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсететін қызметі үшін қажетті талаптар сәйкестілігіне орнатылғанға оны тексереді;
кеме куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады;
кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта;
кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама қағаз тасығышта ресімделеді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бір сағаттың ішінде қызмет берушінің бастығына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасына қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және құжаттардың телнұсқасын кеме куәлігін беру үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруге өтінім;
кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін: 
мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерiн;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелерді;
Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген кемеге құқық туралы куәлiкті;
өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
2) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеуден шығару кезінде мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау туралы анықтаманы алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы кеменің меншік иесінің жазбаша өтініші;
өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген кеме куәлігі.
3) Ішкі суда жүзетін кемелерді және мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігінде болудан қалған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау туралы анықтаманы алу үшін:
құқық белгілейтін құжаттар қоса берілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің жазбаша өтініші.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
3) қоса берілген құжаттардың атауларын және санын;
4) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты тапсырады;
2) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚО жинақтау бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
4) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде куәлiгi, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын қабылдауды, сондай-ақ келіп түсу фактісін Сканер штрихкоды арқылы белгілеуді жүзеге асырады;
5) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минуттың ішінде оған куәлік, немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру, немесе кеме куәлiгiнің телнұсқасы қағаз тасығышта, немесе кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтамасын береді.
14. ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минут.
15. ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
16. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжат пен сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) көрсеткен кезде «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады.
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме
тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу
және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және
оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттiк
 көрсетілетін қызмет регламентінің
 қосымшасы
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы
Полная версия
ИС BestProfi