1. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан – әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 10-қосымша
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін кызметтің нәтижесі:
1) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру;
2) қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажеті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (темір жол және су көлігін бақылау бөлімінің бастығына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшығы) төрт сағаттың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының өтінімін және құжаттарын қарайды және қызмет берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (темір жол және су көлігінде бақылау бөлімінің маманына) тапсырады.
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (темір жол және су көлігінде бақылау бөлімінің маманы) төрт жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарды қарайды, және талаптар сәйкестілігіне орнатылғанға оны тексереді, ресімделеді және қызмет берушінің бастығына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру қол қояды және қызмет берушінің кеңесіне жібереді;
6) кенсе маманы бір жұмыс күні ішінде шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру курьер арқылы ХҚО жолдайды.
6. Мемлекеттік көрсететін қызмет жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік, қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға беру;
5) қол қойылған шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлігі, қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлігі, қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы);
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы).
8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы) төрт жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды, шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапка қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы жазбаша өтiнiш;
2) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік;
соттың заңды күшіне енген шешiмi;
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кемеге құқық туралы куәлік;
3) сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
5) кемені жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
6) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсаты;
7) жалдау шарты бойынша қазақстандық кемені жалға алушының атын және тұратын жерін не атауын және орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы шешім;
9) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызметті алу үшін құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
3) қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
4) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды тапсырады;
2) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚО жинақтау бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
4) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдауды, сондай-ақ келіп түсу фактісін Сканер штрихкоды арқылы белгілеуді жүзеге асырады;
5) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минуттың ішінде оған шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
14. ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минут.
15. ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
16. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжат пен сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) көрсеткен кезде «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады.
«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен -теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы
Полная версия