Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2015
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 239 бұйрығына
 11-қосымша
«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Қызмет стандарты күшін жойды 2015 жылғы 21 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 669 Бұйрығына сәйкес
1. «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «12» наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) орган көрсетеді.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік немесе жылжымалы құрам кепілін тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның мазмұны (іс-әрекеті), оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы екі сағат ішінде ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын қарайды және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын екі жұмыс күні ішінде және ЕДБ арқылы түскендерін бір жұмыс күні ішінде қарайды;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын төрт сағат ішінде ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХКО-на немесе ЕДБ –ке қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімі басшысының қарары;
3) куәлікті ақпараттық жүйеге беру рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы екі сағат ішінде ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын қарайды және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын екі жұмыс күні ішінде және ЕДБ арқылы түскендерін бір жұмыс күні ішінде қарайды;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын төрт сағат ішінде ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХКО-на немесе ЕДБ–ке қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.
9) рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттамасы осы «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХКО-на және (немесе) ЕДБ –ке көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ұсынады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
өтініш берушінің не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат (сканерленеді және ХҚО қызметкері электрондық өтінішке бекітеді);
кепіл туралы шарт немесе кепіл талабын қамтыған шарт (сканерленеді және ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі).
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға:
сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;
құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң атын көрсетумен, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-ға не ЕДБ арқылы береді;
2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын тіркеуді жүргізеді және ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
3) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті беруші жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған, ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
15. ХҚО құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
16. ХКО-да құжаттарды қабылдау операциялық залда жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін болады.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын берген кезде ЕДБ арқылы құжаттарды қабылдау мен электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған, ЕДБ арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген.
«Жылжымалы составын кепілін мемлекеттік
тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламенті 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы
«Жылжымалы составын кепілін мемлекеттік
тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламенті
 2-қосымша
ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы
«Жылжымалы составын кепілін мемлекеттік
тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламенті
 3-қосымша
ЕДБ арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу  диаграммасы
Полная версия
ИС BestProfi