Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 4-3/423 Бұйрығын қараңыз
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабынын 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 29 мамырдағы
 № 575 қаулысымен
 бекітілген
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары
1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағытқа сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыт бойынша басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.
5. Субсидиялар алуға арналған АШТӨ тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
ВАК құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімдігі, оның ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері мен басқармалары, ауылдық округ әкімі;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциялары;
3) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардағы филиалы;
4) аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдар (бар болса).
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
6. Бөлiм қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайларды ескере отырып, субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау күнін белгілейді, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыру, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады.
Полная версия
ИС BestProfi