«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2015 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Білім беру қызметіне лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
«1. Бастауыш білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы | Медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке лицензияның нөмірі туралы ақпаратты қамтитын медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
5. | Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
6. | Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің болуы | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды. |
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері |
»;
«2. Негізгі орта білімнің, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 4, 5, 6 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы | Медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке лицензияның нөмірі туралы ақпаратты қамтитын медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Лицензияның мәртебесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
5. | Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
6. | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің болуы | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат деректерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ АЖ-дан алуға болған жағдайда ұсынылмайды. Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері | |||
7. | Интернет желісіне қосылған, компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, оқу пәндерінің кабинеттерімен жарақталуы | Компьютерлік сыныптардың, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің болуы туралы ақпарат қамтылған, оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) | Интернет желісіне қосылған, компьютерлік сыныптармен жарақталуы туралы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
»;