1. «Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелер және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2015
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 2-қосымша
«Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік);
2) Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бір сағат ішінде өтініштің тіркеуін жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысына береді;
3) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны жауапты орындаушыға береді;
4) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы жеті жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізіліміне жазу енгізеді, куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде куәлікке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бір сағат ішінде куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
8. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің қорытындысы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бұрыштамасы;
3) теңізде жүзуді қамтамасыз ету бойынша бөлім басшысының бұрыштамасы;
4) куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
5) қол қойылған куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы.
10. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бір сағат ішінде өтініштің тіркеуін жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысына береді;
3) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
4) Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің жауапты орындаушысы сегіз жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, теңіз кемесінің мемлекеттік кеме тізіліміне жазу енгізеді, куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде куәлікке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бір сағат ішінде куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы «Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес блок-схемасында келтірілген.
«Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасы
Полная версия