Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2015
Қазақстан Республикасының
 Көлік және коммуникация министрі
 міндетін атқарушысының
 2014 жылғы 3 сәуірдегі
 № 221 бұйрығына
 6-қосымша
«Ұйымдарға және сынақ зертханаларына техникалық куәландыру жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
1. «Ұйымдарға және сынақ зертханаларына техникалық куәландыру жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабының 2) тармақшасы негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Ұйымдарға және сынақ зертханаларына техникалық куәландыру жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұйымдарға немесе сынақ зертханаларына тану туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) қағаз түрінде беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) әрекет ету тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет қызметті берушінің іс жүргізушісі бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызмет қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны Нормативтік қызмет және сертификаттау, техникалық құжаттарды сараптау бөлімінің басшысына (бұдан әрі – НҚСТҚСБ) береді;
3) НҚСТҚСБ басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны НҚСТҚСБ жауапты орындаушысына береді;
4) НҚСТҚСБ жауапты орындаушысы күнтізбелік жиырма төрт күн ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оны көрсетілетін қызметті берушінің сыныптау және техникалық есеп бөлімінің аумақтық қызметкеріне ұйымдарды немесе сынақ зертханаларын куәландыруға жолдайды (бұдан әрі – СТЕБ өңірлік қызметкері);
5) СТЕБ өңірлік қызметкері екі жұмыс күн ішінде ұйымдарға немесе сынақ зертханаларына куәландыру жүргізеді және куәландыру актісін НҚСТҚСБ жауапты орындаушысына жолдайды;
6) НҚСТҚСБ жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде куәлікті ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізушісіне жолдайды;
8) іс жүргізуші бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті береді.
8. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің қорытындысы:
1) өтінішті іс жүргізушімен тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бұрыштамасы;
4) куәлікті ресімдеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қою үшін беру;
5) қол қойылған куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізушісіне беру;
6) көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті беру.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінде (қызметкерлер) өзара іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізушісі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
10. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
1) іс жүргізуші бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны НҚСТҚСБ басшысына береді;
3) НҚСТҚСБ басшысы отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны НҚСТҚСБ жауапты орындаушысына береді;
4) НҚСТҚСБ жауапты орындаушысы күнтізбелік жиырма төрт күн ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оны көрсетілетін қызметті берушінің сыныптау және техникалық есеп бөлімінің аумақтық қызметкеріне ұйымдарды немесе сынақ зертханаларын куәландыруға жолдайды (бұдан әрі – СТЕБ өңірлік қызметкері);
5) СТЕБ өңірлік қызметкері екі жұмыс күн ішінде ұйымдарға немесе сынақ зертханаларына куәландыру жүргізеді және куәландыру актісін НҚСТҚСБ жауапты орындаушысына жолдайды;
6) НҚСТҚСБ жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде куәлікті ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің іс жүргізушісіне жолдайды;
8) іс жүргізуші бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті береді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы «Ұйымдарға және сынақ зертханаларына техникалық куәландыру жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес блок-схемасында келтірілген.
«Ұйымдарға және сынақ зертханаларына
 техникалық куәландыру жүргізу»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне
 қосымша
Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасы
Полная версия
ИС BestProfi