Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру туралы  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 179 бұйрығы
Редакция 08.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың  үлгі қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) тізбесі бекітілсін.
2. Талапкерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорлары (бұдан әрі - ЖОО ректорлары):
1) ағымдағы жылғы 5 маусымға дейін құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ету үшін ЖОО қызметкерлерінің арасынан техникалық хатшылық құрсын және ағымдағы жылғы 10 маусымға дейін құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру жөнінде техникалық хатшылық мүшелеріне нұсқаулық өткізсін;
2) осы бұйрыққа  1-қосымшаға    сәйкес ағымдағы жылғы 5 маусымға дейін ЖОО қабылдау комиссияларын техникалық жабдықтармен қамтамасыз етсін;
3) ағымдағы жылғы 10 маусымға дейін талапкерлер үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық стендтерді рәсімдесін;
4) талапкерлердің кешенді тестілеуге қатысу өтініштерін қабылдауды Қағидаларда белгіленген мерзімде қабылдауды ұйымдастырсын;
5) білім беру гранттарын беру конкурсына өтініштерді қабылдауды Қағидаларда белгіленген мерзімде қабылдауды ұйымдастырсын;
6) талапкерлерді өтініштерді қабылдау барысы туралы статистикалық деректермен күн сайын хабар дар етсін және талапкерлердің ЖОО-ға қабылдау жөніндегі қажетті ақпаратты алуы үшін Интернет желісіне қосылған компьютерлерге қол жеткізуін қамтамасыз етсін;
7) ағымдағы жылғы 20 маусымнан 31 шілдеге дейінгі кезеңде талапкерлер үшін консультациялар ұйымдастырсын;
  8) ағымдағы жылғы 28 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі - ҰТО) осы бұйрыққа  2-қосымшаға    сәйкес нысан бойынша кешенді тестілеуді өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) ретінде жұмыс істейтін ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамынан кандидатуралар тізімін (7 адамнан кем емес) электронды және қағаз нұсқада ұсынсын.
3. Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-ның ректорлары:
1) ағымдағы жылғы 28 мамырға дейін ҰТО-ға:
  осы бұйрыққа  3-қосымшаға    сәйкес нысан бойынша талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-ның қабылдау комиссияларының жауапты адамдарының тізімін электронды және қағаз нұсқада;
  осы бұйрыққа  4-қосымшаға    сәйкес нысан бойынша талапкерлерден құжат қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-ның қабылдау комиссияларының жауапты адамдарының тізімін электронды және қағаз нұсқада;
  осы бұйрыққа  5-қосымшаға    сәйкес талапкерлерді нысан бойынша кешенді тестілеуден өткізу кезінде Министрліктің программистері (бұдан әрі - Министрліктің программистері) ретінде жұмыс істейтін кандидатуралар тізімін (2 адамнан кем емес) электронды және қағаз нұсқада;
ҰТО әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес аудиториялар қорының жоспарын ұсынсын;
2) ағымдағы жылғы 28 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекіту үшін кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамын ұсынсын;
3) ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін апелляциялық комиссияларды құрсын;
4) ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін кезекшілер тізімін бекітсін және кешенді тестілеу технологиясы бойынша кезекшілермен нұсқаулық өткізуді ұйымдастырсын;
5) ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін кешенді тестілеу өткізу үшін үй-жайларды дайындасын;
6) өтініштер қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;
7) ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы өтініштерді қабылдаудың барыс туралы күнделікті ақпараттар жеткізуді қамтамасыз етсін;
8) ҰТО-дан жеткізілген емтихан материалдарының қорғалуын қамтамасыз етсін;
9) аппеляциялық комиссиялар жұмысына жағдай жасасын;
10) кешенді тестілеуден өткен талапкерлерге құжаттарды уақытылы беруді қамтамасыз етсін.
4. ҰТО (Қ.С. Әбдиев) ЖОО-ның ректорларымен бірлесіп:
1) ағымдағы жылғы 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекіту үшін Министрліктің өкілдері мен программистерінің тізімдерін ұсынсын;
2) ағымдағы жылғы 20 маусымға дейін талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-ның жауапты хатшыларын ҰТО ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарын оқытуды ұйымдастырсын;
3) ағымдағы жылғы 20 маусымға дейін талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-ның жауапты хатшыларын (соның ішінде желілік ЖОО) кешенді тестілеу технологияларына және білім беру гранттарын беру конкурсына өтініштерді қабылдауға оқытуды ұйымдастырсын;
4) ағымдағы жылғы 15 маусымға дейін Министрліктің өкілдері мен программистерін кешенді тестілеу технологияларына оқытуды ұйымдастырсын;
5) Қағидаға сәйкес талапкерлерге кешенді тестілеуді ұйымдастырсын және өткізсін;
6) білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін қажетті материалдардың дайындалуын қамтамасыз етсін.
6. Жоғары, жоғары оқу орынан кейінгі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) ағымдағы жылғы 18 маусымға дейін ЖОО қабылдау комиссияларын талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етсін;
2) ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін ЖОО қабылдау комиссияларын білім беру гранттарын беру конкурсына өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты ЖОО назарына жеткізсін.
1) ағымдағы жылғы 19 маусымға дейін талапкерлердің құжаттарын қабылдауға техникалық дайындықты қамтамасыз етпеген ЖОО-лар туралы ақпаратты ұсынсын;
2) талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізуді жүзеге асыратын ЖОО тестілеуге қатысатын өтініш бланкілермен және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу өтініштерімен қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.07.2014 жылғы № 266 Бұйрығымен (28.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)

Базалық ЖОО коды

Кешенді тестілеуді жүзеге асыратын ЖОО-ның атауы (базалық ЖОО)

Желілік ЖОО коды

Тестілеуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға бекітілген ЖОО-ның атауы (желілік ЖОО)

1

002

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

002

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

001

«Астана» медициналық университеті

191

Қаржы академиясы

047

Еуразия гуманитарлық институты

183

Қазақстан-Ресей университеті

068

Қазақстан инженерлік-техникалық академиясы

184

«Тұран - Астана» университеті

2

013

Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

013

Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

174

Қазақ гуманитарлық-заң университеті

173

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

182

Қазақ технология және бизнес университеті

194

«Астана» университеті

3

007

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

007

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

079

Каспий коғамдық университеті

157

Азаматтық авиация академиясы

082

Қазақстан-Неміс университеті

083

Халықаралық бизнес академиясы

359

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты

4

024

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

024

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

089

«Қайнар» университеті

062

Еуразия нарық институты

077

Қазақстан инженер, қаржы-экономикалық академиясы

078

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы

080

Қазақстан-Ресей медицина университеті

200

Д. Қонаев атындағы гуманитарлық, транспорт және құқық университеті

190

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

5

053

Алматы технологиялық университеті

053

Алматы технологиялық университеті

025

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

019

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

979

КИМЭП университеті

518

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы

154

Алматы экономика және статистика академиясы

6

096

Орта-Азия университеті

096

Орта-Азия университеті

421

Қазақстан-Британ техникалық университеті

160

Алматы гуманитарлық техникалық университеті

7

027

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

027

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

503

«Нұр-Мұбарак» Египет исламдық мәдениеті университеті

022

Халықаралық білім беру корпорациясы

095

Экономика және құқық академиясы

302

Сулейман Демирель атындағы университеті

161

«Алматы» университеті

057

Алматы энергетика және байланыс институты

020

Қазақ спорт және туризм академиясы

049

Қазақстан инженерлік-технология университеті

419

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

8

029

К. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

029

К. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

023

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

069

Халықаралық бизнес университеті

093

«Тұран» университеті

021

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

026

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

048

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

350

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

9

015

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

015

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

090

Академик О.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы

10

003

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

003

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

195

Маңғыстау гуманитарлық техникалық университеті

11

004

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

004

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

416

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

12

005

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университеті

005

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университеті

103

Қазақ-Орыс халықаралық университеті

351

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Екі рет Кеңес Одағының батыры Т.Я. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

13

010

X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

009

X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

318

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

010

Атырау мұнай және газ институты

14

016

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

016

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

201

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

15

501

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

501

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

16

011

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

011

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

012

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

153

Қазақстан-Американ еркін университеті

17

042

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Семей қаласы

042

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Семей қаласы

041

Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті

141

Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университеті

108

Қазақ инновациялық университеті

18

038

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

038

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

19

517

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

517

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

146

Инновациялық Еуразия университеті

20

147

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлі-техникалық институты

147

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлі-техникалық институты

21

040

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

040

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

357

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институты

22

036

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

036

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

516

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

039

Рудный индустриалдық институты

140

Қостанай инженерлік-педагогикалық университеті

145

Академик Зұлқайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

23

008

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

008

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

24

035

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

035

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

149

«Көкше» академиясы

151

Гуманитарлық-техникалық академиясы

158

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

521

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс ұлттық университеті

353

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты

25

031

Е.А. Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

031

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

030

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

116

«Болашақ» Қарағанды университеті

26

032

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

032

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

033

Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті

355

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

27

122

Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті

122

Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті

197

Орталық Қазақстан академиясы

28

014

О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

014

О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

29

043

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

043

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

30

515

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

515

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

189

Тараз техникалық институты

223

Тараз инновациялық гуманитарлық институты

313

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті

31

045

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

045

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

044

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

32

413

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты

413

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты

203

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

33

037

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті

037

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті

34

196

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

196

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

202

Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті

137

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

133

«Мирас» университеті

414

Шымкент университеті

35

143

«Сырдария» университеті

143

«Сырдария» университеті

36

034

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

034

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

125

Қазақ-Қытай академиясы

127

«Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институты

305

«Болашақ» университеті

37

017

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

017

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

38

006

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

006

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

39

018

Қазақ ұлттық өнер университеті

018

Қазақ ұлттық өнер университеті

40

354

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы

354

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы

41

355

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясы

355

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясы

42

356

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы

356

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
1-қосымша
ЖОО қабылдау комиссияларына қажетті техникалық жабдықтар 
1. Базасында өтініштер қабылдайтын ЖОО (Желілік ЖОО):
1) компьютер Pentium-IV, HDD 80 Гб және одан көп, ОЗУ 512 Мб және одан жоғары, Windows ХР және одан жоғары, Office ХР және одан жоғары, USB 2.0, UPS500;
3) минутына 15 беттен кем шығармайтын лазерлі принтер - 600dpi;
2. Базасында кешенді тестілеу өткізілетін жоғары оқу орыны (Базалық ЖОО):
2) компьютер Pentium-IV, HDD 80 Гб және одан көп, ОЗУ 1024 Мб және одан жоғары, Windows ХР және одан жоғары, Office ХР және одан жоғары, USB 2.0, UPS500;
4) минутына 15 беттен кем шығармайтын лазерлі принтер - 600dpi;
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
2-қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуді өткізу кезінде Министрліктің өкілдері ретінде жұмыс істейтін профессорларлық-оқытушылық құрамынан кандидатуралар тізімі
  

Аты-жөні

Туған жылы

Туған жері (туған облысы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы)

Жеке басты куәландыратын құжат (құжаттың нөмірі, қашан және кіммен берілді)

ЖСН

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
3-қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын ЖОО қабылдау комиссияларының жауапты адамдар тізімі, электронды және қағаз нұсқада
  

Код

ЖОО-ның толық атауы (қазақша)

ЖОО-ның толық атауы (орысша)

ЖОО Басшысының аты-жөні

Телефон (факс)

Жауапты хатшының аты-жөні

Телефон

1. жұм. тел. -

2. үй. тел. -

3. моб. тел. -

Программистің аты-жөні

Телефон

1. жұм. тел. -

2. үй. тел.-

3. моб. тел.-

ЖОО-ның мекен-жайы және Е-mail адресі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
4-қосымша
Талапкерлердің құжат қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-ның қабылдау комиссияларының  жауапты адамдар тізімі, электронды және қағаз нұсқада
  

Код

ЖОО-ның толық атауы (қазақша)

ЖОО-ның толық атауы (орысша)

ЖОО Басшысының аты-жөні

Телефон (факс)

Жауапты хатшының аты-жөні

Телефон

1. жұм. тел. -

2. үй. тел. -

3. моб. тел. -

Программистің аты-жөні

Телефон

1. жұм. тел. -

2. үй. тел. -

3. моб. тел. -

ЖОО-ның мекен-жайы және Е-mail адресі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 179 бұйрығына
5-қосымша
Талапкерлердің кешенді нысан бойынша тестілеуден өткізу кезінде Министрліктің программистері ретінде жұмыс істейтін кандидатуралар тізімі
  

Аты-жөні

Туған жылы

Туған жері (туған облысы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы)

Жеке басты куәландыратын құжат (құжаттың нөмірі, қашан және кіммен берілді)

ЖСН

Полная версия
ИС BestProfi