1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 501 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің – mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады.
Республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, сот үкiмi негiзiнде бас бостандығынан айыруға сотталған, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша сот тұрғын үйдi пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдар үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Полная версия

