Близость слов: Окончание:





Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 511 қаулысы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 23-1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
 № 511 қаулысымен
 бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) – бұл заңды тұлға және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) тізілім – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – бұл жеке тұлғалар, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі (ЗТ МДҚ) – бұл бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі, құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыру және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға берілетін тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын, «электрондық үкіметке» қатысушыларға, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
7) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі (ЕЛ МДҚ АЖ) – лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілер, тармақтар, учаскелер) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырылған түрде қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
8) «электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін электрондық көрсетілетін қызметтерді іске асыру шеңберінде интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
9) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі (МО БКЖ) – Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желіден тұратын, басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарды іске асыруға және олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен қоса, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауына арналған, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Заңның 6-бабында көрсетілген критерийлерге және олардың шекті мәндеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер тізілімде автоматтандырылған режимде өңделеді және жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде жаңартылып отырады.
5. Бастапқыда тізілімді қалыптастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мыналардың ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы арқылы алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – СК) тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:
осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш жылғы табыстары туралы деректер;
осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің соңғы бір жылғы саны туралы деректері;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай қызмет түрлері бойынша лицензиялар туралы ақпарат алу үшін ЕЛ МДҚ АЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;
акцизделетiн өнiмдi өндiру және (немесе) көтерме саудада өткізу; астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызмет; лотереялар өткiзу; ойын бизнесі саласындағы қызмет; мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу
радиоактивтi материалдардың айналымына байланысты қызмет;
банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);
бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарында айқындалған тәртіппен барлық тіркелген және таратылған жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы, атап айтқанда:
заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны туралы мәліметтерді береді.
6. Тізілімді одан әрі жүргізу үшін СК жыл сайын 15 қарашаға дейінгі мерзімде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға мынадай ақпаратты ұсынады:
1) алдыңғы күнтізбелік жылғы жиынтық жылдық табыс мөлшері туралы деректер (оның ішінде арнаулы салық режимі бойынша жұмыс істейтін субъектілер бойынша);
2) жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жылғы саны туралы деректер.
Көрсетілген ақпарат жеке кәсіпкерлік субъектілері салық заңнамасына сәйкес салық органдарына ұсынған салық есептілігінің деректері негізінде қалыптастырылады.
7. Тізілімге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес СК ақпаратында жіберілген қателікке байланысты жеке кәсіпкерлік субъектісінің санатты өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру.
Бұл ретте ақпараттағы қателік СК-нің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға салық төлеуші оны жібергенге дейін ұсынған салық есептілігінің деректеріне сәйкес келмейтін ақпаратты ұсынуы болып табылады. Тиісті жылдың 15 қарашасынан кейін қосымша салық декларацияларын ұсынуға байланысты салық төлеуші жөніндегі ақпараттың өзгеруі қателік болып табылмайды;
2) салық төлеушілер келіскен немесе дұрыстығын сот растаған салықтық тексерулер нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректерді өзгерту туралы СК өтініші.
8. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мерзімде қайта қаралады және осы Қағидалардың 7-тармағында  көзделген жағдайларды қоспағанда өзгертуге жатпайды.
9. Осы Қағидалардың 7-тармағында сәйкес өзгерістер енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган алдында өздерінің санатын заңсыз айқындау туралы мәселеге жазбаша түрде, растаушы құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса отырып, бастамашылық жасайды;
2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде берілген өтініштерді СК қарауына жібереді;
3) СК берілген өтініштерді негізділігі тұрғысынан қарайды және он жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тиісті жауабын береді;
4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
жеке кәсіпкерлік субъектісі өтінішінің негізділігі туралы жауапты алған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде тізілімге тиісті өзгерістерді енгізеді және санатты қайта есептеуді жүргізеді;
жеке кәсіпкерлік субъектілері өтінішінің негізсіздігі туралы жауапты алған жағдайда, тізілімге тиісті өзгерістер енгізуден бас тартады;
СК-ден қателікті жеке кәсіпкерлік субъектісінің өзі салық есептілігін салық органдарына ұсынған кезде жібергендігі туралы жауап алған жағдайда, тізілімге осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес өзгерістер енгізеді.
10. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қарау нәтижелері туралы жеке кәсіпкерлік субъектісін жазбаша түрде хабардар етеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қараудың жалпы мерзімі өтініштің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органда тіркелген сәтінен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
11. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, мемлекеттік органның жауапты басшылары бекіткен техникалық талаптар негізінде ЭҮШ арқылы сервераралық республикалық деңгейде жүзеге асырылады.
12. Ақпарат алмасу ҰКО берген ЭЦҚ пайдалану арқылы «сұрақ-жауап» режимінде электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.
13. Электрондық хабарламалар өрістерінің түрлері мен құрамын ақпарат алмасуға қатысушылар техникалық талаптарда бекітеді.
14. Ақпарат алмасуға қатысушылар ақпараттық жүйелер жұмысындағы технологиялық үзілістерді қоспағанда, өзара іс-қимыл жасау сервистеріне тәулік бойы қол жеткізуге рұқсат береді.
15. Ақпарат алмасу кезінде ақпараттың қорғалуы қорғалатын МО БКЖ пайдалану есебінен, сонымен бірге авторлықты бекіту есебінен (ЭЦҚ қолдану), қол қойылған XML хабарламалар, сондай-ақ техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар есебінен де қамтамасыз етіледі.
16. Тізілім кез келген мүдделі тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.
17. Мүдделі тұлғалар үшін тізілімде әрбір жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы мынадай ақпарат қолжетімді болады:
осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызмет түрі;
дара кәсіпкердің тегі, аты және бар болған жағдайда, әкесінің аты және (немесе) атауы;
бірлескен кәсіпкерлік мәртебесінің болуы немесе болмауы;
осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызмет түрі.
18. Тізілімде жеке кәсіпкерлік субъектілерін іздеу:
2) заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;
3) дара кәсіпкердің тегі, аты және бар болған жағдайда, әкесінің аты және (немесе) атауы бойынша жүзеге асырылады.
19. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжат нысанында мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi